Колумбияда әскери Hercules C-130 ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адамның өмірін жалмады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ Пуэрто-Легуисамо қаласынан ұшып шыққанымен, биіктікке көтеріле алмай, әуежайдан шамамен 1,5 шақырым жерде құлаған.
Бортта жалпы 128 адам болған: 11 экипаж мүшесі мен 114 әскери қызметкер.
Соңғы деректер бойынша, 66 адамның қаза тапқаны расталды. Құрбандар арасында ұлттық армия, әуе күштері және полиция қызметкерлері бар.
Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қорғаныс министрлігі ұшаққа шабуыл жасалғанын растамады. Алайда құлау кезінде шыққан өрт салдарынан борттағы оқ-дәрілер жарылғаны айтылуда.