Колумбияның Перейра қаласында құтқарушылар жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттың үйіндісі астынан шамамен 36 сағат жатқан 32 жастағы әйелді алып шықты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Даниэла Ларго Санчес сейсенбі, 11 тамызда құтқарылды. Әйел үйінді астынан шығарылғаннан кейін үстіне көк жайма жабылып, дәрігерлерге тапсырылды. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда құтқарушылардың операцияның сәтті аяқталғанын қошеметпен атап өткенін көруге болады.
Богота өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, әйелді жер бетіне шығарудан шамамен он сағат бұрын анықтаған. Ол үйінділердің тереңінде жатқандықтан, құтқарушылар оған жету және ғимараттың қайта опырылуына жол бермеу үшін құрылыс конструкцияларын біртіндеп бөлшектеуге мәжбүр болған.
10 тамызда Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісінен кейін зардап шеккен басқа ғимараттарда да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылардың мәліметінше, Перейрадағы сол ғимараттың үйіндісі астында әлі де бір адам болуы мүмкін. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде 254 адамға жетті. Зардап шеккен аймақтардан түскен ақпарат бойынша, Перейрада 101 адам, Кали қаласында 95 адам қаза тапқан. Билік іздеу-құтқару жұмыстары жалғасқан сайын қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.
¡Logramos rescatar a Daniela!
— Bomberos Oficiales de Bogotá (@BomberosBogota) August 12, 2026
Luego de 36 horas bajo los escombros, Daniela Largos Sánchez, de 32 años, fue rescatada con vida. En un trabajo articulado con Bomberos Pereira y PONALSAR, nuestro equipo USAR logró salvar una vida más. pic.twitter.com/InTwQBnIS5