$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Әкімдікке пышақ алып кірмек болды: Маңғыстауда әйелге 86 мың теңге айыппұл салынды

Редактор
10.11.2026, 14:39
ЖИ
ЖИ
Оқиға 6 қарашада болған

Маңғыстау облысында әкімдік ғимаратына пышақ алып кірмек болған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға 6 қарашада болған. Ал 9 қарашада әлеуметтік желілерде әйелдің облыстық әкімдік ғимаратына шағын пышақ алып кірмек болғаны туралы ақпарат тарады. Қоғам белсендісі Диляра Туринаның мәліметінше, күзет қызметкерлері пышақты алып қоюға әрекеттенген кезде әйел тілік жарақатын алған. Оған медициналық көмек көрсетілген.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті аталған оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік хаттама толтырылған.

Сот шешімімен әйелге 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әзірге оның әкімдік ғимаратына пышақты қандай мақсатпен алып келгені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау