Қоғам

«Кездейсоқ емес»: Шерхан Мұртаза мен Шерхан Қалмырзаны не байланыстыратыны белгілі болды

14:02, 03 қазан 2025 38

"Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның туған жері мен әкесі жайлы жаңа ақпарат айтылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Журналист Оралхан Дәуіттің айтуынша, жас қақпашы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасып кеткен сияқты.

Қақпашы Шерханның әкесі – Эльдар. Ол жас кезінде боксқа ден қойып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Оны жуалылықтар жақсы таниды. Қазіргі уақытта Астанада тұрады.

Футболшыға "Шерхан" есімінің берілуі де кездейсоқ емес. Өйткені Жуалы – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның туған жері. Осыған байланысты ел арасында Қалмұрза мен Мұртаза әулетінің арасын туыстық та, жерлестік те байланыс жақындатады деген пікір айтылады.

"Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла Тағала жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың Туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз