$ 444.58
 510.29
 5.27

«Келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек»: Нұрбек Серікұлы ұлттық болмыс туралы айтты

Редактор
18.09.2026, 15:29
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Нұрбек Серікұлы тарихты сақтаудың маңызын айтты

Нұрбек Серікұлы Қазақстан тарихын зерттеу, архив ісін дамыту және тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізу мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының біріне айналғанын мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, елімізде архив саласын дамыту, Қазақстан тарихының жаңа жеті томдық басылымын әзірлеу және тарихи білімді қоғамға кеңінен тарату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Тарих мәселесі мемлекетті дамытудың стратегиялық басым бағыттарының біріне айналды. Яғни архив ісін дамыту, Қазақстан тарихының жаңа жеті томдық басылымын дайындау, тарихи білімді қоғамға бөлісу мәселелерінің барлығы да бүгінде жүзеге асып жатқан жұмыстар», – деді Нұрбек Серікұлы.

Ол аталған бастамаларды жүйелі жалғастыру ұлттық болмысты сақтауға және тарихи мұраны келесі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау