$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Каспийден қаралы хабар: тағы екі сарбаздың денесі табылды

Редактор
25.09.2026, 10:56
ЖИ
ЖИ
Каспий теңізінен тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды

Каспий теңізінде жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жазды.

"Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды" - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында

Бұған дейін Каспий жағалауында ауа райы күрт нашарлап, қатты жел мен биік толқын салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткені хабарланған еді. Оқиғадан кейін ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталып, оған Әскери-теңіз күштері мен ТЖМ бөлімшелері, кемелер, катерлер және авиация жұмылдырылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау