
Бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана қаласы әкімдігінің меншігіне өтеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, тұрғын үй әлеуметтік қажеттіліктер үшін пайдаланылады.
«Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми сұраныс келіп түсті», – делінген хабарламада.

Зәулім үй Астанадағы Қараөткел шағын ауданында орналасқан.