Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Бек Нұрмағанбетті (16-0, 14 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Альварес Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Артыш Лопсанмен (14-4-2, 9 КО) жекпе-жектен кейін Нұрмағанбетке бейнебайланыс арқылы хабарласты. «Канело» қазақстандық боксшыға сәттілік тілеп, ал Бек Нұрмағанбет мексикалық спортшыға алғысын білдірді.
Бек Нұрмағанбет Артыш Лопсанды бесінші раундта нокаутпен жеңді. 28 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және әлі күнге дейін жеңіліс тапқан жоқ. Сондай-ақ Нұрмағанбет Сауль Альварестің спарринг-серіктесі әрі оның командасының мүшесі болып саналады.