$ 484.78
 558.66
 6.6

Қызылордадағы қайғылы оқиға: ағасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды

Редактор
09.06.2026, 10:18
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Жаңақорғандағы жұмбақ өлімнің жай-жапсары

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құдықтан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылғаннан кейін, оны өлтірді деген күдікпен 15 жастағы туған інісі қамауға алынды. Алайда марқұмның жақындары бұл нұсқамен келіспейді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz информбюро-ға сілтеме жасап.

Марқұмның анасы Кенже Дүйсенбиеваның айтуынша, ұлының денесінде көгерген іздер болған.

«Сыртында ала көрпесі болды. Соны көрпеге тұншықтырған. Оның денесінің әр жерінде көгерген дақтар тұрды. Жаны шығар алдында бірнеше адаммен алысқан сияқты. Сондықтан 15 жастағы ұлымның мұндай қылмысқа барғанына сенбеймін», – дейді ол.

Ал әкесі Ғани Жұпарбаевтың сөзінше, отбасы бұған дейін үйден ақша жоғалғанын айтып, күдікті адамдар туралы ақпарат бергенімен, тергеу оған назар аудармаған.

«Үйден ақша ұрланғанын айттық. Түнде күдікті адамдар жүргенін де жеткіздік. Бірақ ешкім оны тексермеді. Барлығы кішкентай балаға жабысып отыр. Енді бір ұлымыздан айырылып, екіншісіне жала жабылып кете ме деп қорқамыз», – дейді әкесі.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау