$ 465.74
 537.23
 5.62

Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жауапқа тартылды

Редактор
12.08.2026, 14:37
видеодан алынған скрин
видеодан алынған скрин
20 жастағы жігіт айыппұл арқалады

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтад, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бейнежазбадан азаматтың танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады. Олардың бұл әрекеті лифтте болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтанды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Полиция мұндай “әзілдерге” жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.