$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Қызметіне салғырт қарады деген күдік: Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Редактор
06.10.2026, 15:32
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Қанат Ниязбеков қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Іс аясында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-сыныпты капитан Қанат Ниязбеков ұсталды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында қызметіне салғырт қарады деген күдікпен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – деп хабарлады ІІМ.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.