$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Жасанды интеллект те жарысқа қосылды: «Тұмар» мен «Үркерде» жаңа аталым пайда болды

Редактор
06.10.2026, 14:41
ЖИ
ЖИ
Биыл телевизиялық журналистика, баспа, интернет және радио салаларын қамтитын 12 номинация қарастырылған

Qazaqstan Media Awards аясында өтетін «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау бүгін, 6 қазанда аяқталады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Байқауға 2025 жылғы 18 қыркүйек пен 2026 жылғы 18 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады. Оған қазақстандық журналистер, тележүргізушілер, медиажоба авторлары, редакциялар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Биыл телевизиялық журналистика, баспа, интернет және радио салаларын қамтитын 12 номинация қарастырылған. Олардың қатарында «Үздік тележүргізуші», «Жылдың үздік журналисі», «Үздік телевизиялық материал», «Үздік медиажоба», «Үздік деректі жоба» және «Үздік талдамалық материал» аталымдары бар.

2026 жылғы байқаудың басты жаңалықтарының бірі – жасанды интеллектке арналған арнайы номинацияның алғаш рет енгізілуі. «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы медиада жаңа технологияларды тиімді қолданған жобаларды анықтауға бағытталған.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды танымал журналистер, медиа сарапшылар және сала мамандарынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Айта кетейік, биыл «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының құрылғанына 10 жыл толуына байланысты екі байқау алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау