Желіде Баян Алагөзованың экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың қалыңдығы делінген келіншек Ақтоты Оспанова ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, желідегі суреттердің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Сондай-ақ ол бұл суретті таратқан парақшаға қатысты тексеру басталғанын айтты.
«Бұл тарап жатқан сурет бірнеше жыл бұрын құрбымның құдалығында түсірілген. Бақытбек аға өте жақсы адам және құрметтеймін!
Мен – ұл тәрбиелеп отырған анамын. Ең бірінші ойлағаным, осы ұлым мен 4 ағам, туысым мен құдаларым бар. Ешқашан хайп пен хейтті жақындатпағанмын. Оқырмандар емес-арым мен ұятым биік.
Ол кісі де басы бос ер азамат. Зияны тиіп кетуі мүмкін мұндай нәрселердің...
Әр адамның жеке өмірі үшін бұл алып-қашпа әңгімелер дұрыс емес. Сондықтан кейбір жандардың дұрыс емес, шындыққа жанаспайтын әңгімелеріне сенбеулеріңізді сұраймын!
Парақшаға қатысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Достарым тауып беретіні сөзсіз. Әзірше тек осылай айтқым келді», - деді әйел.
Сонымен қатар ол өзінің абыройын бәрінен жоғары қоятынын айтты.
«Мен қашан да абыройым үшін жұмыс жасап жүрген адаммын. Маған артық және өтірік мәліметтер керек емес...
Басы босы әйел болған соң бәлкім тез сенер адамдар. Ажырасқандар да адал бола алады.
Көбі бақыт тілеп жатыр екен, Қандай пікір жазсаңыз да (қаншама комплимент оқыдым) Алла Сізге жар болсын. Бір күні Алла адал жарымды кездестіріп, сол тілеп жатқан бақыт пен баланы берсін маған. Әумиииин. Мені блоктап тастады ол парақша. Айта жүріңіздерші өтірік деп...
Жақындарым менің, егер сұрақ болса. Алып қашпа әңгімелерге сенбей, өзімнен сұраңыздаршы», - деді ол.