$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

«Құдайға шүкір, ұлым тірі»: аман қалған сарбаздың анасы Бекеттің жағдайын айтты

Редактор
25.09.2026, 15:16
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан аман қалған 19 жастағы Бекет Қуандықтың анасы ұлының қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Қарлығаш Мырзағалиеваның сөзінше, сарбаз ауруханаға жатқызылмаған және қазір өзін жақсы сезінеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

 

Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.  Бекеттің ауруханада жатқанын хабарланған. Алайда оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттарда ақпарат аз болғандықтан, оның туыстары да аман қалған сарбаз ауруханаға жеткізілді деп ойлаған.

Отбасы Ақтауға келіп, Бекетті өз көзімен көргеннен кейін ғана оның ауруханаға түспегенін білген.

«Құдайға шүкір, ұлым тірі. Аман-есен, өз аяғымен жүр», – деді анасы Қарлығаш Мырзағалиева.

Оның айтуынша, Бекет өз күшімен жағаға жеткен.

Бекет Қуандық Атырау облысының Махамбет ауылының тумасы. Ол 2025 жылғы 3 қазанда мерзімді әскери қызметке аттанып, Ақтаудағы №29011 әскери бөлімде борышын өтеген.

Сарбаздың анасы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.

«Бүкіл Қазақстан үшін бұл – өте ауыр қасірет. Қазір ата-аналардың не сезініп отырғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді ол.

Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған. Оқиғаның мән-жайы тергеу аясында анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау