$ 482.33
 557.57
 5.74

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр

Редактор
26.03.2026, 09:42
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Іздестіру аумағы қаланың басым бөлігін және оған іргелес аймақтарды қамтып отыр. 

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім 19 наурыздан бері хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Полиция мәліметінше, Владимир Орелді іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған полиция қызметкерлерімен қатар ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер жұмылдырылған.

Іздестіру аумағы қаланың басым бөлігін және оған іргелес аймақтарды қамтып отыр. Мамандар жасөспірім болуы мүмкін бағыттарды тексеріп, келіп түскен барлық ақпаратты мұқият пысықтауда. Сонымен қатар жетуі қиын аумақтар да назардан тыс қалған жоқ.

Құқық қорғау органдары іздеу шараларының үйлесімді әрі жедел жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Полиция қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырып отыр. Жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет болса, «102» нөміріне дереу хабарлау сұралады.