$ 465.74
 537.23
 5.62

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін екі рет атып өлтірген

Редактор
13.08.2026, 08:53
depositphotos
depositphotos
Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында қызғаныштан туындаған жанжал кезінде болған. Қылмыстық істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Сот анықтағандай, ер адам бұрынғы әйелімен жанжал кезінде оны өлтіруді шешкен. Ол аңшылық карабин алып, әйелдің басына және кеуде тұсына екі рет дәлдеп оқ атқан. Алған жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғадан кейін ер адам қылмыс орнынан кетіп қалған, алайда кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған.

«Жәбірленуші тарап соттан ең жоғары жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындады. ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жаза көзделген. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. С. жасаған қылмыстық құқық бұзушылық аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот талқылауының қорытындысы бойынша сотталушы С. кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеу арқылы 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады ведомство.

Жаза тағайындау кезінде сот ҚР ҚК-нің 55-бабының талаптарын да ескерді. Бұл бап жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жазаның ең жоғары мерзімін шектеуді көздейді.

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған азаматтан жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау