$ 490.21
 566.93
 6.81

Қазақстанда несиелер жаңа несиемен өтеліп жатыр - Мәжіліс депутаты

Редактор
10.06.2026, 15:16
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Ол Ұлттық банк мәліметін келтіріп, 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық деңгейге – шамамен 182 млрд долларға жеткенін атап өтті.

Жоғарғы аудиторлық палатаның есебін тыңдаған соң мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

"Жылдан жылға жаңа қарыздардың 36 пайызы бұрынғы міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу үшін "кредитті жаңа кредитпен өтеу" қағидаты бойынша алынуда. 2025 жылы қайта қаржыландыру көлемі 51 пайызға дейін өсті", - деді депутат Азат Перуашев.

Ол Ұлттық банк мәліметін келтіріп, 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық деңгейге – шамамен 182 млрд долларға жеткенін атап өтті.

"Бір жылда елдің сыртқы қарызы 10,4 пайызға өсті. Бұл соңғы 17 жылдағы ең үлкен өсім", - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау