$ 448.44
 514.81
 5.33

Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті: Еркінғали Бүркіталин Азиадада топ жарды

Редактор
22.09.2026, 12:34
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар

Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтынды салды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Еркінғали Бүркіталин аралас жекпе-жектің дәстүрлі стилі бойынша ерлер арасында 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда отандасымыз Бахрейн өкілі Мұхаммед Набиевпен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы финалға дейін Қытай Тайпэйінің өкілі Лин Миндянды, оңтүстіккореялық Юун Таэонды және филиппиндік Карлос Альваресті мерзімінен бұрын жеңген.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді. 22 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Азия ойындарында спорттың 17 түрінен сынға түседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау