Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ведомство мәліметінше, тараптар 26 наурызда Орта Шығыс өңіріндегі қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
“Әңгіме барысында Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне Иран айналасындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның бейбіт келіссөздерді Түркістан қаласында өткізуге дайын екендігін растады. Бұл туралы бұрын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді”, – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға уағдаласты.