$ 450.79
 524.13
 5.31

Қасым-Жомарт Тоқаев қазанда халыққа жаңа Жолдауын арнайды

Редактор
11.09.2026, 14:22
Ақорда
Ақорда
Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтып, алдағы саяси өзгерістер мен әлеуметтік басымдықтарға тоқталды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы елімізде жүзеге асырылған реформалардың нәтижесінде негізгі мемлекеттік институттарды жаңғырту үдерісі жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Сондай-ақ Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады.

Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтынын да айтты.

– Біз біртұтас ел болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция – халқымыздың темірқазығы, ел ішіндегі түбегейлі өзгерістерге тың серпін берген қастерлі құжат. Таяуда ғана Құрылтай сайлауы өтті. Құрылтайға кәсіби, іскер, жаңашыл азаматтар кірді. Олардың ішінде жастар да аз емес. Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша, еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да – ауқымды реформаларымыздың өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау