Әнші Меруерт Түсіпбаева "Музарт" тобына мүсін қою туралы ұсыныс айтқан экс-депутат Мақсат Толықбайды сынға алды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
"Халқым, жазбаның нақты мағынасын ұғынбай коммент жазбаңыз. Әңгіме "Музарт" жайлы емес. Мақсат кезінде жақсы тамада еді, негізі. Міне, сол кезде, өз орнында болды-ау. Ескерткіш қойғыш болса — кеше ғана 80-жылдығын атап өткен батыр ағамыз тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубакировке қойсын….Қандай мақсатпен Мақсаттар депутат болды екен? Осы Мақсат, Ринаттар қандай мәселе көтерді? Халықтың жоғын жоқтады ма? Мен білмесем, жазыңдаршы? Кино түсуруге келген Джеки Чаннан Ақтау халқы неге су сұрады? Ұят болды! Мақсат, Ринаттар осындай мәселелерді неге шешпеді? Неге үнсіз отырады? Халықтың сенімін ақтады ма? Блогер-шмогер, әнші-күйші, спиртсмен, тек ауызымен орақ оратын, ақын-журналюга керек пе? Әлін білмеген әлек! Қазақтың тойы бітпесін. Айтпақшы, Мақсат - жақсы тамада Ұсынамын. P.s. Айтпайын десең осылай күйдіреді ғой… Айтсаң, ренжиді ғой, амандаспайды, жолыңды кеседі қара тізімге тығады сосын. Қайтемін енді?", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.