$ 465.19
 536.55
 5.61

Қабанбай батыр кесенесінің төбесінен су ағып қабырғалары көгерген

Редактор
13.08.2026, 12:57
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Қазір ғимараттың қабырғалары тұзданып, көгерген, ал төбесінен су ағады

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің қазіргі жағдайына назар аударды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, кесене салынғалы бері күрделі жөндеуден өтпеген. Қазір ғимараттың қабырғалары тұзданып, көгерген, ал төбесінен су ағады.

«Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен су ағып жатыр. Салынғалы жөндеу көрмеді», – деп жазды Мақсат Толықбай.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қабанбай батыр кесенесін күрделі реставрациялау мәселесін көтергенін атап өтті.

Толықбайдың жазуынша, қала әкімінің бастамасымен меценат, BELES құрылыс компаниясының директоры Махат Төрәлі кесенені жөндеуге өз қаражатынан демеушілік жасап, жұмыстарды бастап кеткен.

«Игі әрі сауапты іске мұрындық болып, өз қаражатынан демеушілік жасап, жөндеу жұмыстарын бастап кетті», – деді экс-депутат.