Қоғам

Жыл басынан бері вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді

11:24, 16 маусым 2025 19

Жыл басынан бері вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. 

Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері вейптердің заңсыз айналымына  қатысты 32 дерек тіркелді.

  • 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды; осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
  • тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты;
  • 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. 

Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз