Әлеуметтік желіде танымал бортсерік Сағи Тоқтамовтың ұшақ ішінде микрофон арқылы анасын туған күнімен құттықтауы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Құрметті жолаушылар, жолдан кішкене кешігіп шығып жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Және де осы сәтті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгін анашымның туған күні еді. Сол құттықтап жіберсем: Анашым әкетайым екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық. Рахмет, – деді Сағи ұшар алдында.
Жолаушылар оның бұл сөзін жылы қабылдап, қол соқты. Құттықтау видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, көпшілік назарына ілікті.