Қоғам

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім»: Асанәлі Әшімовті қызы жантебірентерлік жазба жариялады

10:34, 25 желтоқсан 2025 95

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина әкесінің қазасына байланысты әлеуметтік желіде тебіреністі жазба қалдырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер майталманының қызы марқұм әкесіне деген сағынышы мен құрметін әсерлі сөздермен жеткізген. Ол жазбасында әкесінің орны жүрегінде әрдайым бөлек екенін атап өтті.

«Әкем…
Жүрегімнің ішінде жүрегі.
Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын.
Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…», – деп жазды Сағина.

Желі қолданушылары жазбаға үн қосып, марқұм актердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасқан.

Көпшілік Асанәлі Әшімовтің қазақ өнеріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, оның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталатынын жазды.

Айта кетейік, Қазақстанның Халық әртісі, сахна және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Марқұм артында мол шығармашылық мұра қалдырды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз