Қоғам

Жұмысшылардың өміріне қауіп төндірген 7,5 мыңнан аса нысанның қызметі тоқтатылды

11:51, 10 маусым 2025 69

Жұмысшылардың өміріне қауіп төндірген 7,5 мыңнан аса нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Министр елдегі өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдай және өндірістегі жарақаттану мен адам өлімі деңгейін төмендету шаралары туралы баяндама жасады.

Жыл басынан бері түрлі мақсаттағы шамамен 16 мың нысанға тексеру жүргізілді. Қадағалау іс-шараларының нәтижесінде қауіпсіздік талаптарын бұзудың 100 мыңнан астам фактісі анықталды.

  “Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар үшін 7,5 мыңнан астам нысанның қызметі тоқтатылды. Қызметті тоқтату жағдайларының 95%-ы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуымен байланысты, олардың ішінде ең жиі кездесетіндері: өрт автоматикасы жүйелерінің болмауы немесе жарамсыз күйде болуы, қызметкерлерді тиісті оқыту мен нұсқамасыз жұмысқа жіберу, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерінің жабық немесе бітеліп қалуы”, - деп министр атап өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз