Қоғам

Жұмыс істейтін аналарға 1,6 млн теңге: МӘСҚ төлемі артты

09:10, 22 мамыр 2025 50

2025 жылдың басынан бері бала тууына және 1,5 жасқа дейін күтіміне байланысты жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге жалпы 299,8 млрд теңге бөлініп, 293,9 мың қазақстандық қамтылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы:

  • Бірінші, екінші, үшінші балаға – 149 416 теңге

  • Төртінші және одан кейінгілерге – 247 716 теңге

    Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

  • Бірінші балаға – 22 648 тг

  • Екінші балаға – 26 777 тг

  • Үшінші балаға – 30 866 тг

  • Төртінші және одан кейінгі балаға – 34 995 тг

Жұмыс істейтін аналарға МӘСҚ-тан төленетін орташа біржолғы төлем – 1,6 млн теңге.

2025 жылы бұл төлемдер 6,5%-ға индекстелді. Төрт айда жүктілік пен бала күтімі бойынша 88,8 мың адамға 147 млрд теңге төленді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз