Қоғам

Жұмыртқа бағасы арзандап жатыр

13:53, 19 сәуір 2025 33

Биылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша республика бойынша жыл басынан бері ӘМАТ бағасының тұрақты деңгейі сақталып отыр. Бірнеше тауар санаттары бойынша бағаның тұрақты төмендеуі тіркелді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бастап жұмыртқа бағасы 3,0%-ға төмендеген. 

Еске сала кетсек, ақпанда Сауда және интеграция министрлігі, салалық қауымдастықтар және сауда желілерінің өкілдері арасында меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес С1 санатындағы жұмыртқаның максималды сату бағасы ҚҚС есебімен бір данасына 55 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді. Келісім шеңберінде сондай-ақ шекті сауда үстемесінің сақталуы және қосымша үстемеақылардың алынып тасталуы қамтамасыз етіледі.

Осы шаралардың арқасында сәуірде жұмыртқа бағасының индексі тұрақты болып қалды, ал соңғы аптаның қорытындысы бойынша (8-15 сәуір аралығында) баға өзгермеді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтар айында С1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы – 548 теңге, ақпанда — 546 теңге, наурызда — 536 теңге, ал сәуірде — 531 теңге болды.

Сонымен қатар, арзандаған тауарлар:

- Күріш - жыл басынан бері 4,7% - ға төмендеді,

- Ұн - 1,8%,

- Қарақұмық жармасы - 0,3%.

Сүзбе, күнбағыс майы және рожки сияқты маңызды өнімдердің тұрақты бағасы байқалады — соңғы аптаның қорытындысы бойынша баға индекстері өзгеріссіз қалды немесе 0,1% шамалы ауытқуды көрсетті. 

Сонымен қатар, көкөніс бағасының орташа өсуі байқалады: қырыққабат — 3,5%, сәбіз — 1,6%, пияз — 1,8% және картоп-1,7%. Көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты. Әдетте маусымаралық сақтау мен логистика шығындарының артуына орай көкөніс бағасында өзгерістер болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз