Шоу-бизнес жаңалықтары

«Жүйкем шыдамайды»: Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садрадиннің әнін жақтырмай қалды

12:49, 22 маусым 2025 38

Елімізге белгілі әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасов әнші Садраддинді сынға алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ол Жетінші арнаға берген сұхбатында қазіргі жас әншілерге және олардың әндеріне көңілі толмайтынын айтты.

Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді ас үйде» дейді. Не әңгіме бұл? Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ - деді композитор.

Ол осы сынымен өнерпаздың нақты атын атамаса да, өлең жолдарына қарап жас әнші Садраддиннің «Такси» әні екенін түсінуге болады.

Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады, - деді композитор.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз