Әлем

АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады

12:05, 22 маусым 2025 27

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе соққылары Иранның үш негізгі ядролық нысанын «толық жойғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сондай-ақ Тегеран Израильмен бейбіт келісімге келмесе, әскери іс-қимылдарды жалғастыратынын ескертті.

Жағдай бұлай жалғаса алмайды. Не бейбітшілік болады, не Иран үшін соңғы сегіз күнде көргенімізден де әлдеқайда үлкен трагедия болады, – деді Трамп Ақ үйдегі сөзінде.

Трамп АҚШ күштері Натанз, Фордо және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарға соққы жасағанын айтып, бұл шабуылдарды «керемет әскери жетістік» деп атады.

Иранның негізгі уран байыту объектілері толық жойылды. Таяу Шығысты қорқытып келген Иран енді бейбітшілікке келуі керек. Егер олар келіспесе, болашақтағы шабуылдар әлдеқайда ауқымды болады – әрі оларды жүзеге асыру әлдеқайда оңай болады, – деді АҚШ президенті.

Трамп өз сөзінен кейін бірден әлеуметтік желіде Иранға ескерту жасады.

Америка Құрама Штаттарына қарсы Иран тарапынан келетін кез келген қарсы шабуылға бүгінгі кештегіден де күшті жауап беріледі, – деді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз