Астанадағы аэродром маңында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында болған.
Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.
Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.