Әлем

АҚШ-тың Иранға шабуылынан кейін Қазақстан мәлімдеме жасады

13:47, 22 маусым 2025 26

АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттеріне байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды. Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз, - деп мәлімдеді СІМ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз