Қоғам

Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты

12:01, 03 қыркүйек 2025 35

Bank RBK-ның экс-басшысы Жомарт Ертаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Ертаев жазасын өтеп, рақымшылыққа ілінген.

"Бұл сотталған адам сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген. Сот шешімінің негізінде оған рақымшылық жасау актісі қолданылды, осыған байланысты ол босатылды. Сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жататынын қосымша хабарлаймыз", - дейді комитеттегілер.

Банкир бұдан былай да бақылауда болады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оны пробация қызметінің есебіне қойған.

Еске сала кетейік, Алматыда RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз