Қоғам

«Жігіттің психикалық ауытқуы бар»: Шымкенттегі 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

11:24, 13 қаңтар 2026 50

Жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Шымкент тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлады қала полициясы.

Іздеу барысында полиция департаментінің барлық құрамы жұмылдырылды.
 
"Қалаға кіруге және шығуға бақылау күшейтіліп, жергілікті аймақтар тінтілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жерде ашық алаңнан табылып, ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Бұған дейін анықталғандай, күдікті қызбен таныс болған.
 
"Қылмыстың себебі мен мән-жайын тергеу органы анықтайды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта кешенді жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз