Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Бұған дейін комиссия таратқан мәліметке сәйкес, бала денесінің 11% бөлігін күйік шалып, ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылғаны айтылған еді.
Қанша интенсивті терапия жасалып, салалық мамандар кеңес өткізіп, реанимациялық және улануға қарсы барлық шаралар толық көлемде жүргізілгеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады, – делінген басқарма таратқан хабарламада.