Алматы облысы маңында болған жер сілкінісі кезінде Есік қаласында дабыл қате қосылып кеткен.


Алматы облысы маңында болған жер сілкінісі кезінде Есік қаласында дабыл қате қосылып кеткен. Яғни жер дүмпуінен хабар берудің орнына, әуе және радиациялық қауіп төнгені туралы дабыл жүйесі ойнапты. Зәре-құты қашқан төңіректегі тұрғындарға ескертпе СМС-хабарлама да тараған. Салаға жауапты министр Шыңғыс Әрінов бұл олқылыққа қатысты қызметтік тексеріс басталғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

— Ол жағдай бойынша қызметтік тексеріс өтіп жатыр. Әрине, техникалық ақау болғандықтан, сондай техникалық қателіктер болады. Қазір оның барлығын жетілдіруге бағдарламамыз бар. Мәселелер жеткілікті. Көп қала сол жүйемен жабдықталмаған, - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов. 

Төтенше жағдай кезінде қосылатын дабыл жүйесін қолмен қосуға да, автоматты жолмен басқаруға да болады екен.

Жаман айтпай жақсы жоқ, дегенмен жер сілкінісі оңтүстік аймақтарда 5 жарым балға жеткен кезде, ешкімнің айтуынсыз-ақ жүйе қосылады деп сендірді төтенше жағдай министрі.