Қоғам

Жеңістің 80 жылдығы: Астанада әскери парад өткізуге 2,5 миллиард теңге жұмсалмақ

17:00, 12 ақпан 2025 49

Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери парад өтетін болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Виталий Адамовичтың айтуынша, әскери парадқа 2,5 миллиард теңге бөлініп отыр. 
Бұл қаражат отынға, қосалқы бөлшектерге, іссапар шығындарына, әскерлердің қозғалысына, форма тігуге жұмсалады.

Шеруге шамамен 4,5 мың адам қатысады. Алаңда кейінгі жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері ұсынылады. 

Парадтық сап түзеу тарихи және заманауи кезеңдерді бейнелейді. Шеруде алғаш рет ҰОС-ға қатысқан қазақстандық бөлімдердің жауынгерлік тулары көрсетіледі.

Бұдан басқа, ТЖМ, ІІМ және МКҰ күштерінің жаңа техникасы ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанның әскери қызметшілері Мәскеу мен Беларусьтегі әскери парадтарға қатысады.

Шеру үш кезеңмен өтеді: 

біріншісі - жаяу әскерилер шеруі, 
екіншісі - механикаландырылған шеру, 
үшінші кезеңде авиация ұшады. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз