Қоғам

Жат ағымдардың зардабын күллі әлем тартып келеді – теолог

13:40, 03 қыркүйек 2025 25

Дестурктивті діни ағымдар тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп келеді. Бұл туралы Түркістан облыстық Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығына берген сұхбатында теолог Тимур Нүсіпхан айтты, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жат ағым жетегіндегі адамдардың мақсаты осы жерде жүріп өз идеологиягияларына сай қоғам құру дейді маман. 

Елімізде орын алған жарылыстар, қаншама елден, жерден Сирияға кеткен жастар, тіпті бұл жерде деструктив деген кезде де тек белгілі бір Ислам дінінің атын жамылғандар емес, өзге де әртүрлі дәстүрлі емес түсініктегі, кейбір қозғалыстар бар, өзгеше бір топтар бар. Діннің атын сенімді пайдаланып, адамды әртүрлі нәрсеге шақырып жатқандардың негізгі мақсаты осы жерде жүріп өз идеологияларына сай қоғам құру, - деді Тимур Нүсіпхан.

Оның айтуынша, деструктивті діни ағымдағылар Қожа Ахмет Яссауидың да атын жамылып, өз мақсаттарында пайдаланған.

Біздің сонау бабалардан қалыптастан хандардың, сұлтандардың ордасы болған мұндай жерлерде, ең алғаш осы Түркістан жерлерінде, осы Қожа Ахмет Яссауидың кесенесінің атын пайдаланып, солардың атын жамылып, өздерінің идеологияларын жасады емес пе?! Әртүрлі деструктивті ағымдардың күллі адамзат үшін қаупі орасан зор. Тек қазақ қоғамы үшін емес. Оның да зардабын түрлі әлем тартты, тартып та келеді, - деді теолог сұхбат барысында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз