Қоғам

Жат ағым жас талғамайды - теолог

15:30, 07 қыркүйек 2025 75

Жат ағымның жетегінде тек жастар кетпейді. Адасып жүрген талай қариялар да бар. Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығына” берген сұхбатында теолог Тимур Нүсіпхан айтты, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Адасып жүрген апаны да талай көрдік, адасып жүрген атаны да талай көрдік. Адасушы білімсуз адам ғана емес. KIMEP-ті, Narxoz-ды бітіріп, Сирияға кетіп қалған, ағылшын тілін жетік меңгерген, үлкен-үлкен университетті бітірген саналы азаматтардың да Сириядан келіп, түрмеде отырғанын көрдік. Академик, философ болып, біз Тәңірден жаратылғанбыз деп, өзгеше нәрселерді айтып, түсіндіргісі келіп жүрген иегінде сақалы жоқ ақсақалдарды да талай көрдік, - деді теолог.

 

Бұл қоғамда бұл идеология еңбектеген баладан, еңкейден қартқа дейін барлық адамды адастырады дейді теолог.

Адасқаннан кейін “имам деген жұмыс істемейді, мектептің директоры балаларға қарамайды, әкім мүлде жұмыс істемейді” деп, адам адасқан баласына әр жақтан кінәліні іздейді. Айналып келгенде бала сенікі ғой. Бала мектепке барып оқуы мүмкін, қалған уақытта жаныңда ғой. Әрбір ата-ана баласына алаңдаған секілді, “бұл бала шаршап жүр, киноға апарайын, пицца жегізейін, үйдің тамағынан жалықты ғой” деп, әрбір жерге апарып жүр ғой, тіпті лагерьлерге апарып жатыр,  осы секілді әрбір ата-ана уақыттың белгілі бір бөлігінде қолынан жетектеп, қазір бүкіл жерде кітапхана бар. Қазір барып балаңызбен кітап оқимын десеңіз, кітапханашы қуанбаса, қарсылық білдірмейді. Баласымен бірге барып кітап оқитын ата-ана жоқ қой. Осы нәрселерге сай адам өзінің білімін көтермесе, ол басқаны кінәләуді қойсын, - деді Тимур Нүсіпхан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз