Қоғам

Жас келін мәһрге «Лексус» сұрады: әлеуметтік желіде қызу талқыланған видео тарады

16:53, 22 шілде 2025 20

Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың неке қию рәсімінен бейнежазба тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, bairaqmedia.kz.

Видеода неке қиылған соң имам қалыңдықтан мәһрге не қалайтынын сұрайды.

Қыз бастапқыда жасқанып, "айта берейін бе?" деп болашақ жарына қарайды. Күйеу жігіт әзілмен оның батылырақ сөйлеуін сұраса, имам да қалжыңмен: "Қаламым жазып жатыр, айта беріңіз", – дейді.

Сол сәтте қалыңдық еш мүдірместен: "Лексус автокөлігі" деп жауап береді. Бұл күтпеген жауапқа имамның өзі таңырқап қалған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жас келіннің талабын орынсыз әрі дүниеқоңыздық деп сынаса, енді бірі мұны ерлі-зайыптылар арасындағы өзара келісім ретінде қабылдап, қолдау білдірген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз