Спорт

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралмақ

12:55, 06 қараша 2024 147

BAQ.KZ АА жазуынша, Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылыпты. Келесі апта тергеу қайта басталмақ.  

- Алдыңғы заңсыз шығарылған қаулыны әлі алған жоқпыз. Жарты айдан астам уақыт өтті. Бас Прокуратураға жазылған шағымның, әлеужелідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас Прокуратура қызметкерлерінің  жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға сенім оятататын  жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық,- деді Ләззат Ахатова. 

Ол сондай-ақ боксшының істі жабуға күш салуы мүмкін екенін айтты. 

- Қайтадан депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды,- деді Ләззат Ахатова. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз