Қоғам

Жаңаөзенде оқушы қыздар төбелес ұйымдастырған

09:51, 24 қазан 2025 18

Жаңаөзенде мектеп оқушыларының төбелесі тарады. Видео желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Кадрларда бір қыздың екіншісіне бірнеше соққы жасап, тұншықтыру әдісін қолданғаны анық көрінеді. Куәгерлер қыздың спорттық дайындығы болуы мүмкін дейді.

Полиция мәліметінше, төбелеске қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, бөлімшеге жеткізілген.

"Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды, ал жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды", — деді ведомство өкілдері.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз