Қоғам

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып қаза тапты

21:49, 20 сәуір 2025 9

Жамбыл облысының Мерке ауданында үш кішкентай бала газдан уланып қаза тапты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Деректерге сүйенсек, анасы таңертең жұмысқа кетерде балаларын үйде қалдырып, есікті іштен жауып кеткен. Кешке үйге келгенде газдың иісін сезіп, балаларын оята алмаған. Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер үш баланы да аман алып қала алмады.

Қайғылы жағдайдан көз жұмған балалар 3, 5 және 7 жаста болған.

Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген, - деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

Ал, полицейлер осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз