Аймақ

Жамбыл облысында бес баланың анасы 7 жыл бойы алимент төлемеген

13:41, 10 сәуір 2025 47

Жамбыл облысында бес баланың анасы 7 жыл бойы алимент төлемеген, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы 24 қаңтарда Шу ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі бес баланың анасы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, 2018 жылдан бастап 1,4 млн теңгеге берешек жинақталған.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғандығы, алайда төлеу үшін қажетті шаралар қолданбағаны анықталды.
 
Сондай-ақ, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі бар екені анықталды.

2025 жылы 25 ақпанда тараптардың өзара келісімі бойынша аталған үй алимент берешегін өтеу есебіне берілді. Қол жеткізілген медиативтік келісімге сәйкес борышкер алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттенді, – делінген хабарламада.

2025 жылы 11 наурызда тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз