Юлия Путинцева халықаралық рейтингте жеке рекордын жаңартты

Редактор
13.01.2025, 15:05
Юлия Путинцева халықаралық рейтингте жеке рекордын жаңартты
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирдің жартылай финалына дейін жеткен

Өткен аптада Аустралияда өткен WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Юлия Путинцева өзінің жеке рекордын жаңартты.

Спортшы бір апта бұрын 29-орынан 25-орынға көтеріліп, өзінің спорт жолындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізген болатын.

Ал Аделаидада финалға дейін жеткен америкалық Джессика Пегула қазақстандық Елена Рыбакинаны ығыстырып, 6-орынға шықты. Елена Рыбакина 7-сатыға түсті.

Айта кетсек, бұған дейін Юлия Путинцеваның Аделаидада жарыстың 1-ракеткасымен ойнаған болтын.