Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, Туризм және спорт министрлігінен ресми хат келген. Құжатта блогердің «жүргізіп жүрген іс-әрекетіне түсініктеме беруі» талап етілген.
«Таңертең министрліктен хат келді. Күйеуімнің туған күніне “тосынсый” болды. Өткен жылы да осындай тексеріс жүргізілген. Ол кезде Астанаға арнайы барып, құжаттарымды көрсеттім, жұмыстарымның заңды екенін дәлелдедім. Қорғаушысыз сотқа қатыстым. Қай кезде де істеп жүрген ісіме жауап беруге дайынмын», – деді Ырысбала әлеуметтік желідегі жазбасында.
Сонымен қатар блогер мұндай тексерістер табысына кері әсер етпейтінін, керісінше халықтың қолдауымен кірісі арта түсетінін атап өтті.