Қоғам

Иран мен Израильдегі қазақстандықтарға ескерту жасалды

12:03, 20 маусым 2025 19

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығу қаупіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасы мен Израиль Мемлекетінде жүрген қазақстандық азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Министрлік азаматтарды қырағылық пен сақтық танытуға, жергілікті билік бекіткен талаптарды мүлтіксіз орындауға және Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болуға шақырады.

Қазір Тегеран, Тель-Авив, Горган және Бандер-Аббас қалаларындағы ҚР дипломатиялық мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп, отандастарға қажетті кеңес пен көмек көрсетуді жалғастырып отыр.

Министрлік азаматтарға туындаған кез келген жағдайда төмендегі байланыс нөмірлеріне жүгінуге кеңес береді:

ҚР Ирандағы Елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933, WhatsApp: +98 936 208 4672

ҚР Горгандағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350, +98 173 252 0443, WhatsApp: +7 701 771 3401

ҚР Бандер-Аббастағы Консулдығы:
WhatsApp: +98 930 298 5703

ҚР Израильдегі Елшілігі (Тель-Авив):
+972 (3) 503 7885, WhatsApp: +972 53 631 5213, +972 55 273 3813, +7 700 111 3196

ҚР СІМ жедел желісі (Астана):
+7 7172 72 05 00

ҚР СІМ отандастардың қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып, ахуалдың өрбуіне байланысты тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз