13 маусым күні кешке Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге қарсы "Шынайы уәде-3" деп аталатын жауап операциясын басталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Иран билігі аоперацияны агрессивті әрекетке жауап ретінде бастағанын мәлімдеді.
"Агрессивті әрекеттерге жауап ретінде... Иран халқының қорғаныс күші ретінде Алланың құдіретіне, Жоғарғы Бас Қолбасшының (Алла оны қорғасын) дана басшылығына және Иранның асыл халқының бірауыздан қолдауына сүйеніп, "Шынайы уәде-3" операциясын бастады", – делінген хабарламада.
Иран жауап операциясы кезінде Израильге қарай 300-ге жуық баллистикалық зымыран ұшырып, оның тоғызы құлады. Иран зымырандары Израиль қорғаныс министрлігінің ғимаратына екі рет тиді.
Иран армиясы да Израильдің екі F-16 ұшағы мен бірнеше ұшқышсыз ұшақтың жойылғанын растады. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, ирандық әскерилер құлаған Израиль ұшағының әйел ұшқышын тұтқындаған. Axios мәліметінше, АҚШ әскери күштері Иранның зымырандық шабуылын тойтаруға атсалысып жатыр.
Иранның соққысынан 40-қа жуық адам зардап шекті, оның екеуі ауыр жарақат алды. Желіде Иран зымыранының Тель-Авивтегі ғимаратқа тікелей тигені туралы видео пайда болды.