Қызылорда полицейлері интернет алаяқтықпен айналысқан киберқылмыстық топты ұстады.


Қызылорда облысының полицейлері интернет алаяқтықпен тұрақты айналысып, қазақстандықтарға аса ірі мөлшерде залал келтірген қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыс прокуратурасы мен полиция департаменті бірлесіп «IT-TERGEU» жобасын жүзеге асырып жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Арнайы жедел тергеу іс-шаралар жүргізу барысында интернет алаяқтықпен тұрақты айналысқан қылмстық топ қолға түсті. Олар жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде залал келтірген. Қылмыстық топтан айғақ зат ретінде 16 дана ұялы телефон, бірнеше қолданылған сим карталар, «Роутер» құрылғысы және 3,5 млн теңге ақша алынды. Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желіні пайдаланушыларына «Несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға бағдарлама жасаймыз» деген жалған ақпарат таратқан. Сол арқылы өздерінің интернеттегі IP-мекенжайын, ақша түсірген банктік есепшотын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы 45 млн. теңге ақшаны алаяқтық жолмен жымқырған деген күдікке ілінді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Тергеу сотының қаулысымен күдіктілерге екі айға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.