Қоғам

Имам әкесін ұрған адамның мешітте азан шақыратыны туралы ақпаратқа жауап берді

13:50, 09 қыркүйек 2025 39

Түркістан облысының бас имамы Шардарада әкесін соққыға жықты деп күдікке ілінген ер адамға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Айта кетейік, бұған дейін күдіктінің мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат тараған болатын.

Облыстың бас имамы Ержан Төлепов жазбасын Facebook парақшасында жариялаған. Ол желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Ресми түрде мәлімдейміз: Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтпаған және ресми діни қызмет атқармаған. Оның қызметі дін саласына қатысы жоқ, қосымша той жүргізуші (тамада).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды. Сонымен бірге, ата-анаға құрмет - әрбір мұсылманның басты міндеті екенін қалың жұртшылықтың есіне салады", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз